Екібастұзда тыйым салынған уақытта алкоголь өнімін сатқан дүкен анықталды
Екібастұзда тыйым салынған уақытта алкоголь өнімін сатқан дүкен анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұзда құқық бұзушылықтарға, оның ішінде қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы саласында нөлдік төзімділікті қалыптастыра отырып, "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайту бойынша жұмыс жалғасуда.
Кезекті рейдке учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналдық полиция қызметкерлері шықты. Екібастұз қаласы полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Медет Бейсенов тексеру кезінде қызметкерлер мекемелердің қызметкерлерімен және келушілерімен әңгімелесіп, үй жайлар мен іргелес аумақтарды қарап шығатынын атап өтті. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
– Рейдтік іс-шаралар барысында сағат 23:20 шамасында дүкендердің бірінде белгіленген уақытта алкоголь өнімін сату фактісі тоқтатылды. Қызметкерге қатысты алкогольге қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік материал толтырылды, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.
Полиция сауда объектілерінің иелеріне заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Тыйым салынған уақытта алкоголь өнімін сату бойынша жауапккершілік көзделген.
