Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да бір жылдан бері жолда ереже бұзбаған жүргізушілер марапатталды

Шығыс Қазақстан облысында әкімшілік полиция басқармасының ұйымдастыруымен республикалық "Үлгілі жүргізуші – 2025" акциясы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияның алғашқы кезеңі Өскемендегі Республика алаңында өтті. Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерді тексеріп, бір жыл бойы жол жүрісі ережелерін қатаң сақтап, бірде-бір құқық бұзушылық тіркелмеген азаматтарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар — балаларға арналған қауіпсіздік белдіктерін табыс етті.

Шараның жалғасы Өскемен – Алматы тасжолында өтті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан инспекторлар заңға бағынатын жүргізушілерді атап өтіп, оларға да және жолаушыларына да ыстық шай ұсынып, жолда жайлы жағдай жасауға тырысты.

ШҚО Полиция департаменті мұндай игі бастамалар жолдағы өзара құрмет мәдениетін нығайтып, қауіпсіздіктің әрбір жол қатысушысының саналы әрекетіне байланысты екенін атап өтті. Жол жүрісі қағидаларына жауапкершілікпен қарау қауіп-қатерді азайтып, полицияның профилактикалық жұмыстары тұрақты және қауіпсіз жол ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру