Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда оқушылар ҚАЖД өкілдерімен кездесті

Ақтауда оқушылар ҚАЖД өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтауда №34 орта мектепте Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Іс-шара "Заң мен тәртіп" қағидаты негізінде ұйымдастырылып, жасөспірімдерге заңды сақтау маңызын, қылмыс пен құқық бұзушылықтың салдарын түсіндіру, сондай-ақ білім мен жеке жауапкершіліктің рөлін көрсету

Кездесуге департаменттің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімшесінің бас маманы Ерлан Мукишов, №43 мекеменің САТжӘПЖ тобының бастығы Ғабит Бердішев, сондай-ақ ҚАЖ саласының ардагері Ғабит Чутабеков қатысты.

Шара барысында оқушыларға қылмыстық әрекеттердің салдары түсіндіріліп, адалдық, тәртіптілік, сөз бен әрекетке жауапкершілікпен қарау, өзгенің мүлкін құрметтеу және заңды сақтау секілді құндылықтар атап өтілді.

Сала ардагері Ғабит Чутабеков оқушылармен ашық әңгімелесіп, өз өмірлік тәжірибесінен мысалдар келтірді. Ол балалық шақтағы тәрбие, мінездің қалыптасуы, спорттың адамды шынықтыратыны, білімнің мақсатқа жеткізетіні және ата-ананың сөзін тыңдаудың өмірлік маңызы туралы айтты.

Кездесу барысында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әзірлеген жазасын өтеушілердің тағдыры көрсетілген "Өкініш" бейнеролигі ұсынылды. Онда нақты құқық бұзушылықтардың салдары және жеке жауапкершілік пен таңдаудың маңызы көрсетілді.

Сұхбат форматында өткен жиында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, ҚАЖ қызметкерлерінен толық жауаптар алды және ардагердің өмірлік тәжірибесіне негізделген кеңестерін тыңдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру