Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда полиция велосипед ұрлығының "ізін суытпай" ашты

Оралда полиция велосипед ұрлығының ізін суытпай ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері Оралда велосипед ұрлығын жедел ашты. Анықталғандай, ер белгісіз ер адам қараусыз қалған IKS-ZET велосипедін жасырын түрде ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Велосипед иесіне келген шығын 80 000 теңгеден асты.

Хабар түскен бойда полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын бастады. Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің қозғалыс бағыты анықталды.

Патрульдік полицейлердің жедел әрекеттерінің арқасында құқық бұзушы ұрланған велосипедпен кетіп бара жатқан жерінде ұсталды. Ұрланған велосипед тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Ұсталған азамат — 46 жастағы Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Бұған дейін оның қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Полиция тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға және жеке мүлікті қараусыз қалдырмауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру