Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер интернет-алаяқтықпен айналысқан азаматты қолға түсірді

Астанада полицейлер интернет-алаяқтықпен айналысқан азаматты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері интернет арқылы жасалған алаяқтық дерегін тіркеді. Белгісіз тұлға әлеуметтік желілер мен хабарландыру платформалары арқылы алтын бұйымдарды нарықтағы бағадан едәуір арзанға сатамын деп хабарландыру жариялаған.

Тергеу барысында күдікті азаматпен байланысқа шыққан, жәбірленуші уәде етілген бұйымдарды сатып алуға қызығушылық білдіріп, алдын ала төлем ретінде 100 мың теңге көлемінде қаражат аударған. Алайда ақша қолына тигеннен кейін күдікті хабарсыз кеткен. Алданған азамат дереу полицияға жүгінген. Аталған факті бойынша бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары басталды.

Полиция азаматтарға интернеттегі күмәнді сауда ұсыныстарына сенбеуге, ешқашан алдын ала төлем жасамауға кеңес береді. Тек ресми және тексерілген платформалар арқылы ғана сауда жасау ұсынылады.

Сонымен қатар осындай жағдайлар орын алса, жәбірленушілерден бірден полицияға жүгінуді ескертеміз. Алаяқтықпен күресу – тек полицияның ғана емес, қоғамның да ортақ міндеті. Киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, ақпараттық сауатты арттыру арқылы мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру