Жетісу облысында кинологтар оқу‑жаттығу өткізді
Жетісу облысында кинологтар оқу‑жаттығу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысында ПД кинологиялық қызмет орталығының мамандары күдіктілерді ұстау кезіндегі әрекеттердің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кезекті оқу-жаттығу сабағын өткізді. Жаттығудың негізгі кезеңдерінің бірі – құқық бұзушы көлік ішінде бұғатталған жағдайда қызметтік иттің әрекеттерін пысықтау болды. Мұндай сценарийлер шынайы жағдайға барынша жақындатылып жасалады.
Мұнда әрбір секунд маңызды. Ал ит пен оның жетекшісінің дәл қимылы полиция қызметкерлерінің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан көлікке бірінші болып қызметтік ит кіреді. Оның міндеті — қауіптің көзін дереу бейтараптандырып, құқық бұзушыға қарсылық көрсетуге мүмкіндік бермеу. Бұл өз кезегінде қызметкерлерге қауіпсіз әрі бақылаулы ұстауды жүргізуге уақыт береді.
Кинологтардың айтуынша, бұл – дайындықтың ең күрделі элементтерінің бірі. Ол жоғарғы деңгейдегі бағыну, жинақылық және ит пен жетекшінің арасындағы сенімді талап етеді. Жетекшінің кіру сәтін таңдаудан бастап, фигурантты дұрыс бекітуге дейін ондаған техникалық мән-жайлар үйретіледі. Әрбір әрекет операцияға қатысушылардың бәрі үшін тәуекелді барынша азайтуға бағытталған.
Мұндай жаттығулар тұрақты түрде өткізіліп, мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға, ал қызметтік иттердің жылдам реакциясын, маневрлік қабілетін және стандарттан тыс жағдайларда жұмыс істей білуін арттыруға мүмкіндік береді. Нағыз жағдайларда дәл осы дайындық қызметкерлердің жарақат алуын болдырмауға және құқық бұзушыларды қауіпсіз ұстауға көмектеседі.
