Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте Ұлттық ұлан бригадасының қатары жас сарбаздармен толықты

Шымкентте Ұлттық ұлан бригадасының қатары жас сарбаздармен толықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкенттегі ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөліміне Қызылорда облысынан жас сарбаздардың алғашқы легі келіп жетті. Жас толықтырылымды бөлімнің саптық алаңында әскери оркестрдің үнімен салтанатты түрде қарсы алды.

Сарбаздарға құттықтау сөзінде бригада командирінің орынбасары Багитжан Баламбаев олардың Отан алдындағы борышын абыроймен өтеулеріне тілек білдіріп, қойылған сұрақтарына жауап берді.

Алдағы күндері әскери бөлімге еліміздің өзге де өңірлерінен азаматтар шақырылмақ. Жалпы биылғы шақырылымда бөлім шамамен 400 сарбазбен толықпақ. Алғашқы бір ай ішінде жас сарбаздар бастапқы әскери дайындық курсынан өтеді. Одан кейін салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі ұйымдастырылады.

– Жас толықтырылымның келуіне байланысты бөлімде барлық қажетті жағдай жасалған. Тәжірибелі офицерлер мен сержанттардан жасақталған әкімшілік құрылып, олар сарбаздарға бейімделуге және әскери істің негіздерін меңгеруге көмектеседі, – деді Багитжан Баламбаев.

Әскери ант қабылдағаннан кейін сарбаздар Шымкент қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметіне кіріседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру