Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде интернет-алаяқтықпен айналысқан күдікті ұсталды

Ақтөбеде интернет-алаяқтықпен айналысқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбелік тұрғынға белгісіз ер адам телефон шалып, өзін белгілі компанияның менеджері ретінде таныстырған. Қоңырау шалған азамат жәбірленушіге жаңа iPhone 17 смартфонын ұтып алғанын айтқан. Сыйлықты алу үшін қоңырау соққан адам бірқатар әрекеттерді орындауды және ұтысты растау рәсімінен өтуді талап еткен. Тосын сыйға қуанып, оның сөзіне сенген жәбірленуші барлық нұсқаулықтарды орындаған.

Соның нәтижесінде ол көрсетілген есепшотқа шамамен 1,5 миллион теңге аударып жіберген. Азаматтың полицияға жүгінуінен кейін тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдікті ретінде 18 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Тінту барысында оның телефонынан ақша аударымдары туралы мәліметтер және өзге де айғақтар табылды. Күдікті жасаған ісін мойындап, толықтай жауап берген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру