Павлодар облысында алкогольді заңсыз сату фактісі анықталды
Павлодар облысында алкогольді заңсыз сату фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
61 жастағы жергілікті тұрғын лицензиясы жоқ және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген күйде өз үйінен алкоголь өнімін бөлшек саудада сатқан.
Тексеру барысында оның шыны бөтелкедегі 40% болатын спирттік ішімдікті сатқаны анықталды. Аталған факті бойынша іс сотқа жолданып, Ертіс аудандық сотының қаулысымен азамат кінәлі деп танылып жауапқа тартылды
Полиция алкоголь өнімдерін арнайы рұқсат құжаттарынсыз сату заңнамасын бұзу екенін ескертеді. Мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіріп, құқық бұзушылықтардың таралуына ықпал етуі мүмкін.
