Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полицейлер  жас жүргізушілерге үндеу жолдады

Жетісу облысында полицейлер  жас жүргізушілерге үндеу жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жас көлік жүргізушілеріне жолда жауапкершілікпен жүрудің маңызын еске салды.

Полиция деректеріне сәйкес, жыл басынан бері өңірде 7170 адам алғаш рет жүргізуші куәлігін алған. Бұл – жолдың жаңа мүмкіндіктер ашатын, бірақ сонымен бірге тәртіп пен заңды қатаң сақтауды талап ететінін енді сезінген жастар. Полицейлердің айтуынша, тәжірибенің аздығы, толқу және қорқыныш кей жағдайларда қауіп факторы болуы мүмкін. Сенімсіздік қателікке әкелсе, шамадан тыс өзіне сенушілік – ауыр құқық бұзушылыққа себеп болуы ықтимал.

Өкінішке қарай кейбір жаңа жүргізушілер жолды "компьютерлік ойын" секілді қабылдап, қауіпті маневрлерге, жылдамдықты арттыруға және тәуекелді басып озуға жол береді.

Полиция қызметкерлері сақ болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру