Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Сатып алушы" іс-шарасы: Алматыда ұрланған мүлікті сатып алғандар анықталды

Алматыда "Сатып алушы" жедел алдын алу іс-шарасы барысында 32 ұрланған мүлікті сатып алғандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алатын тұлғаларды анықтау және ұрланған заттардың өткізу арналарына тосқауыл қою мақсатында "Сатып алушы" жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілді. Іс-шара нәтижесінде полицияға 32 адам жеткізілді.

Аталған дерек бойынша ҚК-нің 196-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу Алатау аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімінде жүргізілуде. Іс-шара аясында қалта ұрылары да ұсталды.

Қаланың қоғамдық көліктерінде және адамдар көп жиналатын орындарда әрекет еткен төрт қалта ұрысы ұсталды. Барлық факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

- "Сатып алушы” іс-шарасының негізгі мақсаты – ұрланған мүліктің заңсыз айналымын тоқтату. Себебі, ұрланған мүлікті сатып алу қалта және пәтер ұрлықтарының көбеюіне ықпал етеді. 32 сатып алушы мен бірнеше қалта ұрысының ұсталуы – криминалдық полицияның жүйелі жұмысының нәтижесі, – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру