Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы тергеу изоляторында адам құқықтары күніне арналған іс-шара өтті

Алматыдағы тергеу изоляторында адам құқықтары күніне арналған іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 желтоқсан – жеке адамның құқықтарын, барлық адамдың заң алдындағы теңдігін дәріптейтін атаулы күн. Бұл күн 1950 жылдан бастап адам құқықтары күні болып аталып өтіледі.
Осыған орай Алматы қаласындағы тергеу изоляторында шаруашылық жасағындағы сотталғандар арасында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.

Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша қоғамдық бақылау комиссиясының төрайымы Ардақ Жанәбілова сотталғандарға адам құқықтары туралы лекция оқыды. Лекция барысында ол ҚР Ата заңындағы мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені айқын жазылғаны, бүгінде адам құқықтарын қорғауға баса мән берілетіні жайлы айта келіп, сотталғандарға өз құқықтарын қорғаудың заңды жолдарын түсіндірді.

Шаруашылық жасағындағы сотталғандар да қоғамдық бақылау комиссиясының төрайымына өз тараптарынан сұрақтар қойып, адам құқықтарының сақталуы тақырыбында пікір алмасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру