Павлодар облысының ювеналдық полиция инспекторлары мектепте құқықтық сағат өткізді
Павлодар облысының ювеналдық полиция инспекторлары мектепте құқықтық сағат өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Профилактикалық іс-шара аясында және жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында 28-мектепте ювеналдық полиция инспекторлары құқықтық сағат ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
Кездесу барысында тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың заңда белгіленген құқықтары мен міндеттері туралы айтып, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелерін түсіндірді.
Сонымен қатар, қоғамдық орындарда және интернет кеңістігінде қауіпсіз әрекет ету, құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу тақырыптарына ерекше мән берілді.
Оқушыларға дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығы, тәртіп нормаларын сақтау арқылы өзін және айналасын қорғау жолдары түсіндірілді.
