Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер жүргізушілерді Ақмола облысындағы жол жағдайының нашарлағандығы туралы ескертеді

Полицейлер жүргізушілерді Ақмола облысындағы қиын жол жағдайы туралы  ескертеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (ұсақ қар, қатты жел, көктайғақ) 14 желтоқсан сағат 21:30-дан бастап республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс шектеулері енгізілді.

Атап айтқанда:

  • Астана – Шідерті – Павлодар (16–200 км) және Астана – Қарағанды – Алматы (30–92 км) автожолдарында барлық көлік түрлерінің қозғалысы шектелді.

  • Астана – Петропавл автожолында (19–341 км) жүк көлігі мен қоғамдық көлік үшін шектеулер енгізілді.

  • Астана – Петропавл (Астана – Щучинск) және Астана – Қарағанды – Алматы (Жібек жолы кенті – Қарағанды облысының шекарасы) учаскелерінде максималды жылдамдық 80 км/сағаттан 60 км/сағатқа төмендетілді.

  • 15 желтоқсан сағат 12:00-де Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау автожолында (35–51 км) және Қабанбай батыр кентінің учаскесі – Қарағанды облысының шекарасы (16 км) учаскесінде қозғалыс шектелетін болады.

Өткен тәулікте полиция қызметкерлері 400-ге жуық көлік құралын жол бойында ертіп жүруді қамтамасыз етті.

Полиция жүргізушілерді өте мұқият болуға, жылдамдық режимін, жолдағы қашықтықты және жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ ауа райы нашарлаған кезде мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тартуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру