Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде сотталғандарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде сотталғандарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде сотталғандардың құқықтық сауаттылығы мен ақпараттық деңгейін арттыруға бағытталған құқықтық кездесу өтті.

Іс-шараға адвокаттар, нотариустар және сот орындаушылары қатысып, сотталғандарға заң көмегін алу тәртібі, өтініштерді ресімдеу ережелері, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің ерекшеліктері туралы жан-жақты түсіндірме берді. Мамандар қолданыстағы заңнама нормаларымен таныстырып, кездесуге қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, нақты құқықтық кеңестер ұсынды.

Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Мақсат Серікхановтың айтуынша, мұндай кездесулер сотталғандарды қайта әлеуметтендіру процесінде маңызды рөл атқарады.

- Құқықтық ағарту - тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Сотталғандар өз құқықтары мен міндеттерін терең түсініп, заңды қорғану тетіктерін сауатты пайдалана білуі қажет. Осындай кездесулер құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді, — деді Мақсат Серікханов.

Кездесуге қатысқан сотталғандардың бірі алған әсерімен бөлісті:

- Біз көптеген пайдалы ақпарат алдық. Мамандар күрделі құқықтық мәселелерді қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізіп, жеке сұрақтар бойынша кеңес берді және заң аясында қалай әрекет ету керектігін түсіндірді. Бұл біз үшін өте маңызды.

Айта кету керек, ҚАЖ мекемелерінде мұндай құқықтық түсіндіру іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Олар сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ олардың қоғамға табысты бейімделуіне бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру