Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ саласында қызмет атқарған бір отбасының тарихы

Ақмола облысының қылмыстық-атқару жүйесінде қызметті жай ғана жұмыс емес, өмірлік ұстанымға айналдырған отбасылық әулеттер бар. Солардың жарқын үлгілерінің бірі - Бирюковтар әулеті. Олар туралы Polisia.kz сайтынан оқыңыздар.

Сергей Бирюков қылмыстық-атқару жүйесіндегі еңбек жолын 1998 жылы Көкшетау қаласындағы ЕС-164/10 мекемесінде цех шебері қызметінен бастап, ішкі қызметтің кіші лейтенанты шенін иеленді. Алғашқы күннен-ақ ол өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби біліктілігін шыңдауға ұмтылды.

Жылдар өте келе Сергей Николаевич түрлі мекемелерде қызмет атқарып, мол тәжірибе жинады. 2002 жылы Державинск қаласындағы ЕЦ-166/26 мекемесіне, 2003 жылы Гранитный кентіндегі ЕЦ-166/25 мекемесіне ауысып, 2008 жылдан бастап Көкшетау қаласындағы қоныс-колонияда қызметін жалғастырды. Бұл кезеңде ол білікті маман ғана емес, жас қызметкерлерге үлгі болар тәлімгер ретінде де танылды.

Қызмет жолында Сергей Бирюков кәсібіне деген адалдығын, жоғары тәртібі мен зор жауапкершілігін талай мәрте дәлелдеді. 2016 жылы майор шенінде тәрбие бөлімінің бастығы лауазымында еңбек жолын аяқтап, кейінгі буынға бай тәжірибе мен тағылымды өнеге қалдырды. Алайда қызметке деген адалдық пен жинақталған білім оны бұл саладан біржола қол үзуге жібермеді. Бүгінде әділет майоры Сергей Бирюков №7 мекемеде заң кеңесшісі ретінде еңбек етіп, өз ісінің сұранысқа ие маманы болып қала беруде.

Бирюковтар әулетінің тағылымды тарихы мұнымен тоқтамайды. Әке жолын ұлы – Дмитрий Бирюков лайықты жалғастырып келеді. Ол қылмыстық-атқару жүйесіндегі алғашқы қызметін әкесіндей әділеттің кіші лейтенанты шенінде бастап, жауапты маман болуға қадам жасады.

Осылайша Бирюковтар отбасында формаға деген құрмет, қызметтік борышқа адалдық пен мамандыққа деген сүйіспеншілік ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, нағыз ҚАЖ әулетінің айқын үлгісін қалыптастырып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру