Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда граффити жазбаларын жою бойынша ауқымды акция өтті

Ақтауда граффити жазбаларын жою бойынша ауқымды акция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен Ақтау қаласы аумағында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз сатуды насихаттайтын наркограффити жазуларды жоюға бағытталған ауқымды акция өтті.

Іс-шараға Ақтау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері, Маңғыстау облысы ПД жанынан құрылған есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері, сондай-ақ ерікті жастар қатысты. Акция барысында қала аумағындағы тұрғын үйлердің қабырғалары мен қоғамдық орындарда орналасқан есірткі дүкендерін заңсыз жарнамалайтын жазулар анықталып, толықтай жойылды.

Аталған акцияның негізгі мақсаты — жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, заңсыз есірткі айналымының алдын алу, сондай-ақ қала аумағында қауіпсіз және қолайлы орта құру.

Полиция азаматтарды есірткі қылмысына қарсы күресте бейжай қалмауға және заңсыз әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру