Қызылорда облысы ПД бастығы Қазалы тұрғындарымен кездесті
Қызылорда облысы ПД бастығы Қазалы тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысының әкімі құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге Қазалы ауданында азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының қағидаттарын іске асыру аясында өткен қабылдауға Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов қатысты.
Полиция департаменті бастығының қабылдауына Қазалы ауданының 12 тұрғыны жазылып, түрлі сипаттағы өтініштері мен сауалдарын жеткізді.
Жеке қабылдау барысында көтерілген мәселелердің барлығы заң талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен шешілетіні айтылып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар жұмыс сапары барысында Қазалы аудандық полиция бөлімінде болып, бөлімнің күнделікті қызмет барысымен танысты.
