Алматыда ҚАЖД қызметкерлері балаларға арналған жаңа жылдық мереке ұйымдастырды
Алматыда ҚАЖД қызметкерлері балаларға арналған жаңа жылдық мереке ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жыл қарсаңында Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті басшылығы мен Ардагерлер кеңесінің қолдауымен жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімше қызметкерлері балаларға ұмытылмас мерекелік көңіл күй сыйлады.
Күнделікті нысанды киімдерін ертегі кейіпкерлерінің жарқын образдарына ауыстырған қызметкерлер бүлдіршіндермен бірге би билеп, шат-шадыман күйде шырша мерекесін атап өтті.
Мерекелік кеш барысында балалар Аяз ата мен Ақшақарға арнап тақпақтарын оқып, ән шырқап, өз өнерлерін ортаға салды. Ал ең әсерлі әрі қуанышты сәт — көптен күткен жаңа жылдық сыйлықтарды алу болды.
Сонымен қатар ерекше күтімді қажет ететін балалар да назардан тыс қалмады. Қызметкерлер олардың үйлеріне арнайы барып, жаңа жылдық сыйлықтарын табыстап, мерекелік қуаныш сыйлады.
Бұл игі бастама балалардың жүрегіне шаттық сыйлап, мейірім мен жылулыққа толы шынайы мерекеге айналды.
