Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлердің балаларына жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды

Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен департамент аппараты жеке құрам қызметкерлерінің ұл-қыздарына арналған арнайы жаңа жылдық мерекелік кеш өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқушылар сарайында өткен шара балаларға шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Әсем безендірілген жасыл шырша жанына жиналған полицейлердің балаларына ертегі кейіпкерлері, Жаңа жылдың басты символдары - Аяз ата мен Ақшақар келіп, ізгі тілектерін арнады.

Мерекелік кештің ашылуында Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы Мақсат Асқаров сөз сөйлеп, жас жеткіншектерге Түркістан облысы полиция департаменті бастығының құттықтауын жеткізді.

— Жаңа жыл құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің болашағы болып, ата-аналарыңның мақтанышы, ұстаздарыңның үмітін ақтайтын білімді де саналы азамат болып өсулеріңе тілектеспін, — деді ол.

Сондай-ақ әрбір балаға генерал Мұрат Қабденовтың атынан мерекелік тәтті сыйлықтар мен ойыншықтар табысталды.

Жаңа жылдық тарту мұнымен шектелмеді. Концерт залына өткен балалар сахналық ертегі қойылымын тамашалап, әсерлі өнер бағдарламасының куәсі болды.

Өз кезегінде жеке құрам қызметкерлері балаларына қуаныш сыйлаған, тағылымы мол іс-шараны ұйымдастырған полиция департаментінің басшылығына шынайы алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру