Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО жолдарында көктайғаққа байланысты полицейлер 500-ден астам көлікті сүйемелдеді

СҚО жолдарында көктайғаққа байланысты полицейлер 500-ден астам көлікті сүйемелдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 желтоқсан күні таңертең ауа райының күрт жылынуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысынан Ақмола облысына шығатын барлық автожолдар жабылды. Көршілес өңірде жаңбыр жауып, жолдарда мұзтайғақ қаупі туындады. Елдің ең солтүстік өңірінде полиция көлік қозғалысын патрульдік автокөліктердің сүйемелдеуімен ұйымдастырылған колонналар арқылы қамтамасыз етті.

Жұмыс екі бағытта жүргізіліп, көршілес облыстағы әріптестермен іс-қимыл үйлестірілді. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары аудандарда және облыс орталығында да күшейтілді.

Жолдар ашылғаннан кейін де тәртіп сақшылары күшейтілген дайындық режимін сақтап отыр. Жүргізушілерге ескертіледі: мұзтайғақ қаупі әлі де сақталуда, түнгі уақытта жолдарды қайта жабу туралы шешім қабылдануы мүмкін.

Мұз қатқан жолдарда қозғалған кезде жылдамдық режимін қатаң сақтау, көліктер арасындағы арақашықтықты барынша ұлғайту, күрт маневрлерден бас тарту қажет. Мүмкіндігінше алыс жолға шықпаған жөн.

https://youtube.com/shorts/9gyPZle9RVA

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру