Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер қоян-қолтық ұрыстан чемпион атанды

Полицейлер қоян-қолтық ұрыстан чемпион атанды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы федерациясы төрағасының жүлдесіне арналған қоян-қолтық ұрыстан ересектер арасындағы ашық турнирде Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жоғары спорттық нәтиже көрсетті.

Аталған жарыста 80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы Берік Ташмағанбетов барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, І орынды иеленіп, чемпиондық белбеуге қол жеткізді.

Сондай-ақ 70 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы Жолжан Қалымбетов те жоғары шеберлік танытып, І орынға ие болып, чемпиондық белбеуді олжалады.

Бұл турнир спортшылардың физикалық дайындығы мен жауынгерлік қабілетін жан-жақты сынауға бағытталған. Мұндай жарыстар күш-қайратпен қатар, төзімділік пен тактикалық шеберлікті талап етеді.

Полиция қызметкерлерінің спорттағы жетістіктері — олардың кәсіби даярлығының, жоғары тәртіп пен қызметке адалдығының айқын дәлелі. Қоян-қолтық ұрыс құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін маңызды спорт түрлерінің бірі саналып, қызметтік міндеттерді орындау барысында қажетті дағдыларды жетілдіруге ықпал етеді.

Астана қаласы полиция департаментінің басшылығы жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да қызмет пен спортта биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру