Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында әлеуметтік желідегі алаяқтықтан қорғану мәселесі талқыланды

Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығында үкіметтік емес ұйым жетекшілерінің қатысуымен "Интернет алаяқтық: қазіргі таңдағы қауіпті қылмыс" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты - әлеуметтік желілер арқылы жасалатын алаяқтық, жалған сайттар, фишинг, қаржылық алаяқтық және өзге де интернет қылмыстарының алдын алу, сондай-ақ қоғамның цифрлық қауіпсіздік деңгейін арттыру.

Дөңгелек үстел жұмысына Қызылорда облысы полиция департаментінің киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері  Нұртілек Ермаханов қатысып, интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, олардан сақтану жолдары және құқықтық жауапкершілік туралы кең көлемде түсіндірме берді.

Кездесу барысында қатысушылар өздерінің көкейдегі сұрақтарын қойып, интернет кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты пайдалы ақпараттармен бөлісті. Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және интернет алаяқтықтың алдын алуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру