Қостанайда есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында іс-шара ұйымдастырылды
Қостанай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңеспен бірлесіп, Қостанай қаласында профилактикалық акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында адам көп шоғырланған орындарда, сондай-ақ қоғамдық көліктерде тұрғындарға есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған ақпараттық үнпарақтар таратылды.
Полицейлер мен кеңес өкілдері азаматтарға есірткі құралдарын пайдалану, сақтау және тарату үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жастарды есірткі ортасына тартудың алдын алу жолдары жөнінде ақпарат берді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, есірткі қылмыстарының алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
