Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда ірі көлемде борышын өтемеген жүргізуші анықталды

Талдықорғанда ірі көлемде борышын өтемеген жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Жалған нөмір" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Талдықорғанда патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзған жүргізушіні анықтады.

"Қорғау" мобильді қосымшасын пайдалану арқылы полиция қызметкерлері Kia Sorento автокөлікті тоқтатты. Көлікті Ескелді ауданының 24 жастағы тұрғыны басқарған. Тексеру барысында соңғы бір жыл ішінде Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы аумағында аталған көлікке қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері бірнеше рет тіркелгені анықталды.

Заң талаптарына сәйкес, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік көлік құралының иесіне жүктеледі. Әкімшілік заңнама нормаларына сәйкес автокөлік ұсталып, Талдықорған қаласындағы арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция азаматтарды заң талаптарын уақтылы орындауға шақырады және рөлдегі жауапсыздық қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру