Абай облыстық ҚАЖ департаментінде атқарылған жұмыстар қорытындыланды
Абай облыстық ҚАЖ департаментінде атқарылған жұмыстар қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 2025 жылдың 12 айындағы жедел қызметтік қызметтің қорытындыларын шығару бойынша жедел кеңес өтті.
Кеңес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Садыбековтың төрағалығымен өтті.
Кеңес барысында жеке құрамға құқық қорғау органдары алқасының кеңейтілген отырысында қойылған, жедел-қызметтік қызметтің тиімділігін арттыруға және оны жетілдіруге бағытталған талаптар жеткізілді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жедел қызметтік қызметінің жай-күйі, кадрлармен жасақталу мәселелері, қызметтік тәртіп пен заңдылықтың сақталуы, сондай-ақ жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды іске асыру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Ішкі істер министрлігі басшылығы қойған міндеттерді орындау аясында облыс мекемелеріндегі сотталғандардың еңбекпен қамтылу жағдайы және аумақтық пробация қызметтерінің қызметі талқыланды.
Кеңестің екінші бөлігінде ведомстволық бағынысты мекемелердің бастықтарының есептері тыңдалды. Баяндамалар қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, мемлекеттік ішкі саясаттың басымдықтарын ескере отырып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

Кеңес қорытындысын шығара отырып, департамент бастығы Ғалымжан Балтабаев Мемлекет басшысының бастамасымен 2026 жыл Қазақстанда "Цифрландыру және жасанды интеллект" жылы деп жарияланғанын атап өтті. Аталған бағыт сотталғандарды одан әрі оңалту және әлеуметтік бейімдеу ісінде негізгі басымдықтардың бірі болмақ.
Жедел кеңес соңында қызметтік міндеттерін үлгілі орындаған Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің және ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
