Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полиция мен тұрғындар аязда жоғалған баланы аман-есен тапты

Екібастұзда полиция қызметкерлері мен тұрғындар жоғалған баланы іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қаңтарда сағат 18.30-да 13 жастағы бала үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Баланы іздеуге дереу полицияның жеке құрамы жұмылдырылды. Іздеуге еріктілер мен бей-жай қарамайтын азаматтар белсенді түрде қосылды.

- Баланың таныстары мен туыстары, барлық үй, кіреберістер мен шатырлар, ойын-сауық орындары, компьютерлік клубтар, саяжайлар түгел тексерілді. Бұл күндері көшеде қатты аяз болды, біз бәріміз жоғалған бала да, іздеу жұмыстарына қатысқандар да тонып қалмасын деп уайымдадық. Барлық іздестіру жұмысының қатысушылары үйлестірілген және жедел әрекеттерінің арқасында сағат 00.00 шамасында бала сауда үйінің жанынан табылды. Содан анасына тапсырылды. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, - деді Екібастұз қаласы ПБ бастығы Төлеген Құдайбергенов.

Полиция іздеуге көмектескен барлық азаматқа, еріктілерге және ұйымдарға алғыс білдіреді.

Сонымен қатар полиция ата-аналарды балаларыңыздың қауіпсіздігіне, әсіресе аязда өте сақ және мұқият болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру