Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада Қайрат-Брюгге футбол матчі кезінде полиция қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті

Елордада Қайрат-Брюгге футбол матчі кезінде полиция қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада "Астана Арена" стадионында Қайрат және Брюгге командалары арасында футбол матчында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарды.

Ойын алдында Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Арман Айтмағамбетовтың қатысуымен жеке құрамның кезекті саптық жиынын өткізді. Жиында стадион аумағында және оған іргелес аймақтарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты нақты тапсырмалар берілді.

Департамент басшылығы қызметкерлерге ойын өткізілетін жердегі адамдардың көп шоғырлануын ескерте отырып, қауіпсіздік талаптарын күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысын реттеу, сондай-ақ шетелдік қонақтармен жұмыс істеу тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараны бақылау және қауіпсіздікті арттыру мақсатында турникет, бейнебақылау камералары орнатылды. Полиция департаментінің шағын жедел басқару орталығы жұмыс істеді.
Туристік полиция шетелдік қонақтарға ақпараттық және құқықтық көмек көрсетті. Қалаға келген туристерге бағыт-бағдар беріп, нысандарға жетуіне және қауіпсіздігіне қолдау көрсетілді.

Іс-шарада қоғамдық қауіпсіздікті жоғары деңгейде ұйымдастырған тәртіп сақшыларына футбол ойынына келген қала тұрғындары мен қонақтар алғыстарын білдіріп, полиция қызметкерлерінің кәсіби жұмысына оң бағасын берді.

Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда сақ болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және жеке заттарына мұқият қарауға шақырады. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындау – баршамыздың қауіпсіздігіміздің кепілі екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру