Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД-да қауіпсіздік шараларын күшейту мәселелері талқыланды

Павлодар облысы ПД-да қауіпсіздік шараларын күшейту мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аймақтық коммуникация қызметі алаңында облыстық полиция департаментінің бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов өткен жылдағы полицияның жедел-қызметтік қызметінің қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы брифинг өткізді.

Оның айтуынша, жүйелі профилактикалық және жедел қызметтік жұмыстың арқасында қылмыстар, оның ішінде тонаулар, пәтер мен қалта ұрлықтары, ұялы телефон ұрлықтары айтарлықтай азайған.

Жол-көлік оқиғаларының жалпы саны төмендеді, бірақ алаңдатарлығы — балалар қатысқан апаттар, мас күйінде болған жол-көлік оқиғалары және республикалық маңызы бар трассалардағы апаттардың өсуі.

— Өткен жылы алаяқтық деңгейі 30%-ға артты, ал интернет алаяқтықтары 50%-дан астам өсті. Бұл бүгінгі күнде де ең өзекті мәселе. Біз бақылауды күшейтіп отырмыз, бірақ басты қорғаныс — азаматтардың хабардарлығы, — деді Болат Нұрсейтіов.

Өткен жылы тұрмыстық қылмыстар саны да азайды.

— Біздің басты мақсатымыз — аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Біз құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздік және заңдылықты қатаң сақтау мәселелеріне үлкен мән береміз. Профилактика мен заңдылыққа басымдық беру — олардың шешіміндегі негізгі бағыт болып қала береді, — деп түйіндеді Болат Нұрсейітов.

Алдағы уақытқа алаяқтықпен күрес, зорлық-зомбылық қылмыстарының алдын алу, балалар қауіпсіздігі, жол-көлік апаттарын азайту және халықпен ашық диалог орнату мәселелеріне басымдық берді.

Жиын соңында Болат Нұрсейітов полицияға көмектесетін, бей-жай қалмайтын және қауіпсіздік — жалпы іс екенін түсінетін барлық азаматтарға алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру