Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

СҚО-да білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында мектептердегі күзет қызметін адал атқармайтын жеткізушілер мәселесі өзекті тақырыптардың бірі ретінде қаралды. Бұл мәселе полиция қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру саласының қызметкерлері және жекеменшік күзет ұйымдарының басшыларымен бірлесіп талқыланды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе — білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алуға қатысты енгізілген жаңашылдықтар болды. Аталған нормалар өткен жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен бекітілген.

Жаңашылдықтар мектептерге, колледждер мен балабақшаларға күзет қызметтерін мемлекеттік сатып алу барысында баға ұсыныстарын сұрату тәсілін емес, ашық конкурс тәсілін қолдануға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде білім беру ұйымдарына біліктілік талаптарын нақты белгілеуге және адал емес жеткізушілерді, әсіресе басқа өңірлерде орналасқан әрі СҚО аумағында материалдық-техникалық базасы жоқ компанияларды іріктеуден алып тастауға жол ашады.

СҚО ПД күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Қанат Әлімжановтың айтуынша, қазіргі уақытта облыстағы барлық 86 жалпы білім беретін мектеп физикалық күзетпен қамтамасыз етілген. Жалпы алғанда, 2025 жылы өңірдегі жекеменшік күзет құрылымдары құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты.

— Балалардың қауіпсіздігі — барлық мүдделі құрылымдардың нақты үйлесімді жұмысын талап ететін басым міндет. Мемлекет пен адал бизнестің ресурстарын біріктіру — білім беру ортасында Заң мен Тәртіпті нығайтудың жалғыз жолы. Мұнда әрбір баланың қауіпсіздігі басты өлшем болып табылады, — деп атап өтті кездесуге төрағалық еткен СҚО ПД бастығының орынбасары Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру