Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда облысында қоғамдық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Түркістанда облысында қоғамдық қауіпсіздік мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Қуашбаевтың төрағалығымен Сауран аудандық полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес өтті.

Кеңес барысында Ғалымжан Қуашбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылып жатқан жаңа реформалар туралы кеңінен тоқталып, жеке құрамға алдағы уақытта тындырымды істер атқарып, нәтижелі жұмыс жүргізу қажеттігін тапсырды.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу мәселесіне ерекше назар аударып, қызметтік тәртіп пен заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Жиын барысында аудандық полиция бөлім бастығының бірінші орынбасары Диас Балданов, сондай-ақ бөлімі бастығының орынбасарлары Данияр Түймебаев, Тимур Рустемов және Ерасыл Намазбаев өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

Жедел кеңес қорытындысында бірқатар нақты тапсырмалар жүктеліп, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру