Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында құқық қорғау органдары оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда

Қарағанды облысында құқық қорғау органдары оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарқаралы ауданында құқық қорғау органдары мен прокуратура өкілдері заңға бағынатын азаматтар ұрпағын тәрбиелеу жолында күш біріктірді. "Қолжетімді полиция" бағдарламасының негізгі тұғырнамасына айналған "Заң және тәртіп" идеологемасы аясында жергілікті мектептердің жоғары сынып оқушыларымен ауқымды кездесу өтті.

"Құқықтық тәртіп өзімнен басталады" тақырыбындағы бұл іс-шара елдің болашағы әрбір азаматтың саналы көзқарасы мен құқықтық сауатына тікелей байланысты деген ұйымдастырушылардың берік сенімін айқындайды.

Кездесуге құқықтық тәртіп мәселесін маңызды деп санайтын 220 жас қарқаралылық қатысты. Полиция қызметкерлері құрғақ ақпарат берумен шектелмей, жастармен ашық әрі мазмұнды диалог орнатты. Мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен құқықтық сананы арттырудың маңызды тетігіне айналып отыр. Әсіресе, нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күрес аясында оның маңызы зор.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мектеп оқушыларына қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда туындайтын заңдық жауапкершілік туралы жан-жақты түсіндірді. Дәрістердің көрнекі толықтыруы ретінде қылмыстың салдары мен заң талаптарын сақтаудың маңызын көрсететін деректі фильмдер көрсетілді.

Материалды жақсы меңгеру үшін қатысушыларға құқықтық мәселелерді болашақта тереңірек түсінуге көмектесетін жадынамалар мен ақпараттық брошюралар таратылды. Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция мен прокуратура өкілдерінен толық әрі нақты жауаптар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру