Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері қаралды

Достық үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзін талқылауға арналған кездесу өтті. Іс-шара Маңғыстау облысының әкімі төрағалығымен ұйымдастырылып, оған Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов, қызмет басшылары, полиция қызметкерлері және өңір зиялылары қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында Президенттің құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін арттыруға, "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайтуға және қызмет сапасы үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған негізгі тапсырмалары қаралды.

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға резонансты және қайғылы оқиғалар бойынша полиция әрекеттеріне құқықтық баға беруді тапсырғаны атап өтілді. Бұл тапсырма жедел әрекет ету сапасын арттыруға және қызметкерлердің жеке жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.

Кездесуде ерекше назар мына мәселелерге аударылды:
– құқықтық тәртіп пен заң үстемдігін нығайту;

– әйелдер мен балалардың құқықтарын басым бағыт ретінде қорғау;

–тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жеке басқа қарсы қылмыстардың алдын алу;

–цифрлық сервистерді дамыту және халықпен кері байланысты күшейту;

– интернет-алаяқтық пен киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл;

– құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейту.

Сондай-ақ полиция қызметіне цифрлық технологияларды белсенді енгізу, азаматтардың дербес деректерін қорғауды жетілдіру және көші-қон бақылауын цифрландыруды жеделдету қажеттігі атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша ПД бастығы бөлімше басшыларына профилактикалық жұмыстың сапасын арттыру, қызметтік тәртіп пен ашықтықты күшейту, сондай-ақ заманауи цифрлық құралдарды практикалық қызметке енгізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Қатысушылар Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтар полиция қызметін одан әрі жетілдіруге және қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға негіз болатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру