Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері донорлық акцияға қатысты

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері донорлық акцияға қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері маңызды әлеуметтік бастамаға үн қосып, облыстық қан орталығында донорлық акцияға қатысты. Департамент пен оған қарасты мекемелердің жеке құрамы қан тапсырып, өңірлік қан қорын толықтыруға өз үлестерін қосты.

Донорлық шараға №43 мекеменің бастығы Сансызбай Аминов та қатысып, әріптестеріне жеке үлгі көрсетті.

Қыс мезгілінде ауа райының қолайсыздығы мен көктайғақ салдарынан жол-көлік оқиғалары және тұрмыстық жарақаттар саны артып, донорлық қанға деген қажеттілік едәуір ұлғаятыны белгілі. Осыған байланысты мұндай қайырымдылық шаралардың маңызы ерекше.

№43 мекеменің бастығы Сансызбай Аминов өз сөзінде

- Донор болу — бұл адамдарға көрсетілетін нақты көмек. Әсіресе қыс мезгілінде жол-көлік оқиғалары мен көктайғақ салдарынан жарақат алған азаматтарға қан аса қажет. Сондықтан осындай игі бастамаларға белсенді қатысуды әрбір азаматтың азаматтық әрі адамгершілік борышы деп санаймын, — деп атап өтті №43 мекеменің бастығы Сансызбай Аминов өз сөзінде:

Аталған іс-шара өңірлік қан қорын толықтыруға және зардап шеккен азаматтарға уақтылы медициналық көмек көрсетуге бағытталған. Департамент басшылығы алдағы уақытта да осындай қайырымдылық акциялар жалғасын табатынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру