Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде сотталғандар арасында волейбол жарысы өтті
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде сотталғандар арасында волейбол жарысы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №43 мекемеде сотталған азаматтар арасында волейболдан спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандарды салауатты өмір салтына баулу, спорт арқылы тәртіп пен ұйымшылдықты нығайту, сондай-ақ олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Жарыс барысында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, командалық бірлік пен жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Тартысты өткен сайыс өзара сыйластық пен ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік берді.
Мекеменің тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс тобының маманы Ғабит Бердішевтің айтуынша, мұндай спорттық шаралар сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне оң әсер етіп, жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыруға ықпал етеді.
— Спорттық іс-шаралар сотталғандардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймай, олардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, позитивті орта қалыптастыруға септігін тигізеді, — деді маман.
Мекеме әкімшілігі алдағы уақытта да тәрбиелік мәні бар мәдени-спорттық шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.
