Павлодарда полиция қызметкерлері тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматқа көмектесті
Павлодарда полиция қызметкерлері тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматқа көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Қауіпсіз аула" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Павлодар қаласы Оңтүстік полиция бөлімінің №11 учаскелік полиция пункінің инспекторлары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік және профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Кезекті әкімшілік аумақты тексеру барысында қоғамдық орында жеке басын куәландыратын құжаттарсыз, тұрғылықты мекенжайы жоқ азамат анықталды.
Жеке басын анықтау және оның қала аумағында болу мән-жайларын тексеру мақсатында азамат 30 тәулікке дейін тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орнына орналастырылды.
Полиция қабылдау-тарату орны тәулік бойы жұмыс істейтінін еске салады. Егер тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар жертөлелерде немесе подъездерде болып, тұрғындарға қолайсыздық тудырса, "102" нөміріне хабарласуды сұраймыз.
