Ақмолада полицейлер "Жас сақшы" сыныптарының оқушыларына құқықтық сауаттылық сабағын өткізді
Ақмола облысында полицейлер "Жас сақшы" полиция сыныптарының оқушыларына арнап құқықтық сауаттылық сабағын өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысында полиция қызметкерлері "Жас сақшы" полицей сыныптарының оқушыларына арнап құқықтық сауаттылық танымдық сабағын өткізді.
Іс-шара Көкшетау қаласының Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейінде өтті. Оған жеке құраммен жұмыс басқармасының қызметкерлері, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар, сондай-ақ Көкшетау қалалық ПБ құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бөлімінің өкілдері қатысты.
Сабақ 6 "Ә" сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушыларға құқықтық мәдениеттің негіздері, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі полицияның рөлі туралы айтылды. Түсінікті болу үшін жасөспірімдер арасында заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма инспекторы ӘйгерімЕсқожаеваның айтуынша, мұндай сабақтар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың заңға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді:
- Мұндай сабақтарды өткізу балаларға заңның мағынасын, олардың құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінуге көмектеседі және тәртіпті сақтауға ықпал етеді, - дейді ол.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлеріне пайдалы және танымдық әңгіме үшін алғыстарын білдірді.
