Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда полицейлер түнгі клубтар мен сауда нысандарын тексерді

Екібастұз қаласында полицейлер түнгі клубтар мен сауда нысандарын тексеру мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтар көп жиналатын орындарда заңнама талаптарының бұзылу фактілерін анықтап, жолын кесу.

Патрульдік полиция қызметкерлері белгіленген талаптардың сақталуын тексеріп, сондай-ақ мекеме әкімшілігімен және келушілермен құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ерекше назар алкоголь өнімдерін тұтынуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға, нысандардың жұмыс режимін сақтауға және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударылды.

Ведомствода атап өткендей, рейдтік іс-шаралар өңірде құқықтық тәртіпті нығайтуға және азаматтар үшін қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру