Павлодар облысында колонияға телефон өткізбек болған күдікті ұсталды
Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №63 мекемесінде тыйым салынған затты алып өту әрекеті тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №63 мекемесінде мекемеге келушілерді жоспарлы тексеру іс-шараларын жүргізу барысында режимдік аумаққа тыйым салынған затты алып өту әрекетінің жолы кесілді.
Тексеру барысында сотталған азаматқа қысқа мерзімді кездесуге келген азаматтан заңсыз жолмен бермек болған телефон анықталды. Мекеме қызметкерлері телефонды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес дер кезінде анықтап, тәркіледі. Құқық бұзушылық фактісі бейнебақылау құралдары және жеке бейнетіркегіш арқылы тіркелді.
– Мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттардың өткізуге жол бермеу мақсатында тексеру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізіп келеді. Мұндай әрекеттер мекемедегі белгіленген тәртіп пен қауіпсіздікке кері әсер етеді. Мұндай заңсыз әрекеттер дереу тоқтатылады, - мекеменің режим және күзет бөлімінің тексеру тобының аға бақылаушысы Дамир Манабаев.
