Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде пробация қызметкерлері балабақша аумағындағы қарды тазалауға көмектесті

Өскеменде пробация қызметкерлері балабақша аумағындағы қарды тазалауға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласында қатты жауған қардан кейін балабақша аумағын қардан тазалау бойынша сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында пробация қызметкерлері мен еріктілер ауладағы кіреберіс жолдар мен ойын алаңдарын қардан тазартты.

Өскемен қаласының пробация қызметінің бастығы Сымбат Ботаев аталған жұмыстың әлеуметтік маңызын атап өтті.

— Қайырымдылық ісіне пробация қызметінің барлық қызметкері мен еріктілер үлкен ықыласпен қатысып, қоғамға өз пайдасын тигізді, — деді Ахмадиева.

Балабақша директоры Сәуле Ахмадиева көрсетілген көмек үшін алғысын білдіріп, ауладағы қалың қардың балалардың қозғалысына кедергі келтіргенін айтты.

— Балабақша аумағындағы қалың қар балалардың еркін жүріп-тұруына қиындық туғызды. Көрсетілген көмектің арқасында аула тазартылып, балалар үшін қауіпсіз жағдай жасалды, — деді ол.

Айта кетейік, мұндай сенбіліктер қылмыстық-атқару жүйесінде дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру