Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полиция талаптарына бағынбаған мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Абай облысында полиция қызметкерлеріне агрессивті мінез-құлық көрсеткен мас жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

9 ақпан күні Абай облысының патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған КИА К5 автокөлігін тоқтатқанда, жүргізушінің біртүрлі мінез-құлқы мен алкогольдің өткір иісі назарларын аударды.

Тексеру барысында 60 жастағы азаматтың орта дәрежелі масаң күйде екені медициналық куәландырумен расталды. Сондай-ақ жүргізуші полиция қызметкерлеріне агрессивті мінез-құлық көрсеткен.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мас күйінде көлік басқарған азамат Семей қаласындағы арнайы қабылдағышқа жеткізілді. Ол 15 тәулікке қамалып, 7 жыл көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға, сондай-ақ көлік құралын басқару кезінде масаң күйде болудың жауапкершілігін сезінуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру