Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда жасөспірімді құтқарып қалған тұрғын марапатталды

Таразда жасөспірімді құтқарып қалған тұрғын марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінде Тараз қаласының тұрғыны Нүркен Умаровты марапаттау рәсімі өтті. Ол 13 жастағы қызды ұрлауға оқталу дерегінің алдын алған.

Еске салсақ, бұған дейін облыс орталығында екі белгісіз адам автокөлікпен қоғамдық көлік аялдамасында тұрған қыз баланы алып кетпек болған.

Жағдайға бейжай қарамаған азаматтың дер кезінде араласуының арқасында олар қызды ұрлай алмады. Полиция қызметкерлері күдіктілерді жедел анықтап, ұстады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Жамбыл облысы ПД бастығы тұрғынға ішкі істер министрі Ержан Саденовтің, сондай-ақ жеке өзінің атынан шынайы алғысын білдірді.

Марапаттау рәсімі барысында Қайсар Сұлтанбаев Нүркен Умаровтың әрекеті нағыз ерлік пен жоғары азаматтық жауапкершіліктің үлгісі екенін атап өтті.

— Кейде ерлік лауазыммен де, формамен де өлшенбейді. Ол қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдап, көмек бере алумен өлшенеді. Сіздің жедел әрекетіңіздің арқасында жасөспірімнің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Бұл — бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның тыныштығына қосылған үлес, — деп атап өтті ПД бастығы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру