Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде "Допинг" жедел-профилактикалық шарасы өткізілді
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №68 мекемеде "Допинг" жедел-профилактикалық шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде құқық бұзушылықтың алдын алу, есірткі және өзге де тыйым салынған заттардың мекеме аумағына әкелінуін болдырмау, сондай-ақ белгіленген режим талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында "Допинг" жедел-профилактикалық шарасы өткізілді.
Іс-шараға полиция қызметкерлері мен арнайы үйретілген қызметтік иттер жұмылдырылды. Тексеру барысында жазасын өтеушілерге әкелінген сәлемдемелер қаралды, сонымен қатар жатақхана бөлмелері мен шаруашылық бөлімі мұқият тексерілді. Бұл шаралардың тиянақтылығы мекемедегі қауіпсіздіктің сақталуына зор үлес қосады.
– Мекемеде белгіленген талаптардың мүлтіксіз орындалуы – басты назарымыздағы мәселе. Сондықтан арнайы іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Қызметкерлер мен үйретілген иттердің қатысуымен толық қамтылған тексерулер арқылы заңсыз заттардың әкелінуіне жол берілмейді және ішкі тәртіп тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Бұл – тәртіпті нығайтудың тиімді жолы, – деді мекеменің режим және күзет бөлімінің бастығы Азат Батырбеков.
Мұндай іс-шаралар күмәнді жағдайларды дер кезінде анықтап, мекеме жұмысының жүйесін бұзбай, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
