Астанадағы түзеу мекемесінде полицейлер профилактикалық іс-шаралар өткізді
Полицейлер Астана қаласының №3 түзеу мекемесінде есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шаралар аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кинологиялық қызметпен бірлесіп, мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Кинологтар қызметтік иттердің көмегімен мекеме аумағы мен ғимараттарын тыйым салынған заттар мен есірткі құралдарын анықтау мақсатында тексерді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері заңсыз есірткі айналымына қатысты құқықтық салдар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, белгіленген тәртіпті сақтаудың маңыздылығын еске салды.
Мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықтық тәртіпті нығайтуға және заңға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
