Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Алматыда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдер ортасын тұрақтандыру мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиында қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау және атаулы профилактикалық жұмысты күшейту мәселелеріне басымдық берілді.

– Жасөспірімдер қылмысы – бұл әрқашан қоғам үшін маңызды белгі. Біздің міндетіміз – тек жасалған құқық бұзушылықтарға әрекет ету емес, ең алдымен олардың алдын алу. Біз білім беру ұйымдарында, кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жерлері бойынша профилактикалық жұмысты күшейтудеміз, ата-аналармен және заңды өкілдермен өзара іс-қимылды белсенді жүргізудеміз. Тәуекел тобына жатқызылған әрбір жасөспірім біздің назарымызда болуы тиіс. Негізгі мақсат – қайталанатын құқық бұзушылықтарға жол бермеу және балаларды құқыққа қайшы ортаға тартылудан қорғау, – деп атап өтті Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Ол жасөспірімдермен жұмыс жүйелі әрі ведомствоаралық тәсілді талап ететінін ерекше айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандармен жүргізілетін профилактикалық және атаулы жұмысты күшейтуге бағытталған қосымша шаралар айқындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру