Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтар үстел теннисінен жарысты

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтар үстел теннисінен жарысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында пробация есебінде тұрған азаматтар арасында үстел теннисінен спорттық жарыс ұйымдастырылды. Іс-шара Қармақшы аудандық прокуратурасының, пробация қызметінің және аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің бірлесуімен өтті.

Жарыстың негізгі мақсаты – есептегі азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оларды салауатты өмір салтына баулу және қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету. Спорттық сайысқа 20-дан астам азамат қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін танытып, шеберліктерін сынға салды. Нәтижесінде үздік ойын көрсеткен азаматтар арнайы дипломдармен марапатталды.

Мұндай іс-шаралар тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар пробация есебіндегі азаматтардың қоғаммен байланысын нығайтып, олардың өзіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді.

Жарыс жеңімпаздарының бірі өз әсерімен бөлісіп, спорттың өміріндегі оң өзгерістерге ықпал еткенін атап өтті:

— Бүгінгі сайыста жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Бұл жарыс менің өмірге деген көзқарасымды өзгертуге көмектесті. Спорт арқылы өзімді жетілдіріп, алға ұмтылуға жаңа серпін алдым. Осындай шаралар бізге қолдау көрсетіп, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді, – деді қатысушы.

Мұндай спорттық бастамалар пробация есебіндегі азаматтардың оңалуына, тәртіпке бейімделуіне және қоғамға толыққанды қайта қосылуына маңызды ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру