Абай облысы бойынша ҚАЖД жасақ бастықтарына арналған оқыту семинар-кеңесін өткізді
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жасақ бастықтарына арналған оқыту семинар-кеңесін өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімдерінің жасақ бастықтарына арналды.
Семинардың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жүйелі түрде түсіндіру және орта буын басшылық құрамының құқықтық құзыреттілігін арттыру болды. Іс-шара департамент бастығының орынбасары, әділет полковнигі Тлеуберген Конекбаев төрағалығымен өтті.
Кездесу барысында жасақ бастықтарының қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық базадағы негізгі өзгерістер жан-жақты қарастырылып, заң талаптарын сақтау және лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға қызметтік қызметте нормативтік-құқықтық актілерді қолдану мәселелері бойынша презентациялық материалдар ұсынылды, мекемелердің жұмысы туралы бейнематериал көрсетілді.
– Тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысты ұйымдастырудағы заманауи талаптар қызметкерлердің жоғары құқықтық сауаттылығын қажет етеді. Осындай семинарлар заңнаманы қолдануда бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға және мекемелердегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, – деді Абай облысы бойынша ҚАЖД сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімшесінің бастығы Зухра Токтамысова.
Семинар соңында қатысушылар проблемалық мәселелерді талқылап, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды, жұмыстың қорытындылары шығарылды. Іс-шара ұжымдық суретке түсумен аяқталды.
Мұндай оқыту іс-шаралары құқықтық тәртіпті нығайтуға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде заңнаманы қолданудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастыруға ықпал етеді.
