Жезқазғанда учаскелік полиция қызметкерінің бір күні мектеп қабырғасында ұйымдастырылды
Жезқазғанда учаскелік полиция қызметкерінің бір күні мектеп қабырғасында ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жезқазған қаласы полиция басқармасы учаскелік полиция инспекторының бір күні мектеп қабырғасында ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және полиция мен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайту.
Кездесу барысында инспектор оқушыларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүру талаптары, сондай-ақ зиянды әдеттердің салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар интернет қауіпсіздігі, алаяқтықтың кең таралған түрлері және жеке деректерді қорғау мәселелері кеңінен талқыланды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметінің күнделікті жұмысымен танысты. Ашық форматта өткен кездесуде жасөспірімдер құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты ой-пікірлерін білдірді.
Шара соңында учаскелік инспектор білім алушыларды заң талаптарын сақтауға, тәртіпке бағынуға және қоғамда белсенді азамат болуға шақырды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
