Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде дөңгелек үстел өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай "Ақ-ниет" қорымен дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды нығайту және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық деңгейін арттыру мақсатында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде "Ақ-ниет" қоғамдық қорының өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушылар алдағы өзара іс-қимыл мәселелерін, бірлескен әлеуметтік жобаларды іске асыруды және өңірде азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау тетіктерін талқылады.

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Ғалымжан Балтабаев қор өкілдеріне сындарлы диалог пен нәтижелі ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін естелік сыйлықтар мен алғысхаттар табысталды.

– Біз үшін Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен ынтымақтастық орнату – үлкен мәртебе. Жолға қойылған өзара іс-қимыл әлеуметтік маңызы бар бастамалар мен жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Олар сотталғандарды және олардың отбасыларын қолдауға, психологиялық әрі кеңестік көмек көрсетуге, сондай-ақ босатылғаннан кейін қоғамға табысты түрде қайта бейімделуіне және әлеуметтенуіне жәрдемдесуге бағытталған. Біз бұл жұмыстың нақты нәтижелерін көріп отырмыз және мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттарының күш біріктіруі гуманизм қағидаттарын нығайтуға, қоғам тарапынан сенімді арттыруға және өңірде тұрақты әлеуметтік қолдау жүйесін қалыптастыруға ықпал ететініне сенімдіміз, – деді "Ақ-ниет" қоғамдық қорының жетекшісі Елдос Байжұмаев.

– Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл ведомство қызметінің маңызды бөлігі болып табылады және Абай облысының қылмыстық-атқару жүйесі жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді, – деп атап өтті департамент бастығы Ғалымжан Балтабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру