Қостанай облысындағы қоныс колониясында ашық есік күні өтті
Қостанай облысы бойынша №40 мекемеде (қоныс колониясында) сотталғандардың отбасымен қарым-қатынасын нығайту мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында сотталған азаматтардың туыстары мекеменің тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысып, жаза өтеу тәртібі, күн тәртібі және сотталғандарға жасалған жағдайлар туралы толық әрі нақты ақпарат алды. Сонымен қатар мекеме қызметкерлері жазаны өтеу талаптары, сотталғандардың құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ашық есік күні сотталғандар мен олардың жақындарының еркін жүздесуіне мүмкіндік беріп, отбасы байланысын сақтаудың маңыздылығын арттыруға ықпал етті.
Мұндай шаралар сотталғандардың түзелуіне оң әсерін тигізіп, олардың қоғамға қайта бейімделуіне септігін тигізеді.
